Әуезов ауданында «Спорт – достық алаңы» акциясы аясында жасөспірімдер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды

Әуезов ауданында «Спорт – достық алаңы» акциясы аясында жасөспірімдер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды

2026 жылғы 24 сәуірде Әуезов ауданында «Спорт – достық алаңы» акциясы аясында жасөспірімдер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға 150 жасөспірім қатысып, жоғары деңгейде бәсекеге толы ойын өрнегін көрсетті. Турнирдің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өзара достық пен ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және Әуезов ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.