«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сіздерді жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сіздерді жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз!

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сіздерді жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз!

📅 Күні: 2026 жылғы 25 сәуір
🕘 Уақыты: сағат 09:00-ден бастап

Бұл – қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесіңізді қосып, азаматтық жауапкершілікті танытудың, сондай-ақ
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын қолдаудың тамаша мүмкіндігі.

🌿 Сенбілік өтетін орындар:

• Алатау ауданы – Шәріпов көшесі (спорт алаңы)
• Алмалы ауданы – Есентай өзенінің жағалауы (Қожамқұлов көшесі / Бөгенбай батыр көшесі қиылысы)
• Әуезов ауданы – Сайран ықшамауданы (Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейін)
• Бостандық ауданы – Көкшоқы ықшамауданы, 1а (Аюсай визит-орталығы)
• Жетісу ауданы – Уссурийская көшесінің бойы
• Медеу ауданы – Мұзтау ықшамауданы, Бекенбай көшесі (Бекенбай өзені бойы)
• Наурызбай ауданы – «Ақжар» сквері, Сақ қорғандары
• Түрксіб ауданы – Баума тоғайы

🤝 Отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бірге келіңіздер!
Алматыны бірге таза, жайлы әрі жасыл қалаға айналдырайық!