
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен №45 кітапхана бөлімшесі 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – таусылмас қазына» атты дөңгелек үстел өткізді. “Қазақ классикасы-ұлт қазынасы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараға Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Шамшия Жұбатова;
Түркі әлемі Жазушылар одағының және «Janr» әдеби клубының мүшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы рухани-сауықтыру орталығының жетекшісі, танымал ақын-жазушы Айжан Шайқықызы;
жоғары санатты №32 кітапхана қызметкері, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Әлия Тоғайбекқызы Өтеулина;
ақын, жазушы, аудармашы, «Алаш» сыйлығының иегері Ержан Алаштуған қатысты.
Орталықтың қызмет алушылары Олжас Сүлейменов пен Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерін оқып, әннен шашу шашты. Сонымен қатар Алматы технология және флористика колледжінің студенттері де белсенді қатысты.
Мәдени ұйымдастырушы Жүсіпбекова Назира Медетбекқызы орталық директоры Қалибек Әділбекұлының атынан қатысушыларға Алғыс хаттар табыстады.
Шара соңында №45 кітапхана меңгерушісі Бақыт Нұрақынқызы сөз сөйлеп, келген қонақтарға Алматы қаласы ОКЖ-нің директоры атынан “Алғыс хаттарды” табыс етіп, алғысын білдірді.