
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар аулалық аумақтарды абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ бірқатар ұсыныстар мен өтініштер айтылды:
– аудан мектептерінде арт-терапия және балалардың шығармашылық дамуына бағытталған сабақтарды ұйымдастыру;
– әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері;
– аумақты тазалау жұмыстарының сапасына қатысты сұрақтар;
– жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
– жекелеген учаскелерде жасанды жол кедергілерін орнату.
Барлық өтініштер мұқият қаралып, соған сай жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы апта сайын сейсенбі күндері өткізіледі.
Жазылу нөмірі: 338-45-96