
Бүгін өрт қауіпсіздігі мәселелері және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша Штаб отырысы өтті.
Жиын барысында халық арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтер мен тұрғын үй басқару органдарының дайындығы мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, өртке қарсы жүйелер мен эвакуациялық шығу жолдарының жағдайын тексеру, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою бойынша нақты тапсырмалар берілді.