Әуезов ауданында қалалық сенбілік өткізілді

Әуезов ауданында қалалық сенбілік өткізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылдың 18 сәуір күні Алматы қаласы Әуезов ауданында қалалық сенбілік өткізілді. Іс-шара қоршаған ортаны жақсарту, аумақты абаттандыру және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ауқымды экологиялық шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Смағұлов Олжас Мұхтарұлы, Әуезов ауданының әкімі, аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, басқарма өкілдері, жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер мен емханалар ұжымдары, сондай-ақ аудан тұрғындары мен жастар қатысты. Барлығы 2500-ден астам адам белсенділік танытты.

Жүргізілген жұмыстар аясында:
🔹 25 бірлік арнайы техника тартылды;
🔹 2500 дана қол құралдары пайдаланылды;
🔹 300 м³ қоқыс шығарылды;
🔹 Үлкен Алматы өзенінің жағалауы Төле би көшесінен Райымбек көшесіне дейін және оған іргелес аумақтар тазартылды.

Санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қалалық ортаны күтіп ұстауға деген жауапкершілікті арттыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.