«Баян Сұлу мен Қозы Көрпештің достығы мен мейірімділігі» атты әсерлі де мазмұнды мерекелік іс-шара өтті

«Баян Сұлу мен Қозы Көрпештің достығы мен мейірімділігі» атты әсерлі де мазмұнды мерекелік іс-шара өтті

Алматы қаласы Әуезов ауданы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының № 2 бөлімшесінде «Баян Сұлу мен Қозы Көрпештің достығы мен мейірімділігі» атты әсерлі де мазмұнды мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара ұлттық аңыздың желісі бойынша ұйымдастырылды.

Клубтың жас тәрбиеленушілері педагогтармен бірге сахналық қойылым ұйымдастырып, кейіпкерлердің шынайы достығы, адалдығы мен сүйіспеншілігін көрсете білді. Баян Сұлу мен Қозы Көрпеш бейнелері арқылы балалар мейірімділік, адалдық және өзара құрмет сияқты маңызды құндылықтарды жеткізді.

Бағдарлама барысында би, өлеңдер, достық туралы әндер орындалып, көрермендермен интерактив ұйымдастырылды. Балалардың шынайы ойлары мен достық пен мейірімділік туралы жауаптары көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Мереке жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларды, ата-аналарды және ұстаздарды біріктірді. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, ұлттық мәдениетке және рухани құндылықтарға деген қызығушылықты арттырады.

Барлық қатысушылар мен қонақтарға, ата-аналарға бұл шараға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!