Демалыс күнгі жәрмеңке орны уақытша ауыстырылды

Демалыс күнгі жәрмеңке орны уақытша ауыстырылды

 

Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылы қиылысы) бойында орналасқан демалыс күнгі жәрмеңкені жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша басқа орынға ауыстырылғанын хабарлаймыз.

📍 Жаңа мекенжайы: Рысқұлбеков көшесі, 33/2 /Щепкин көшесі, 27/2 (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясына қарама-қарсы жақтағы жерүсті автотұрағы)

Барлық сауда қатарлары бұрынғыдай өнім түрлерін сақтай отырып жаңа алаңда ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге баруды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!