
14 сәуір күні бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар аула аумақтарын абаттандыру, аудан қауіпсіздігі мен бейнебақылау камераларын орнату, шлагбаум, жол белгілерін орнату мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш мұқият қаралып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы апта сайын сейсенбі күндері өткізіледі.
📞 Жазылу нөмірі: 338-45-96