
Баспасөз брифингі: аудан әкімі 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы 2026 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысын жасап, осы жылға жоспарлаған негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды.
Қазіргі таңда Әуезов ауданы тұрақты даму көрсеткіштерін көрсетуде. Ішкі сауда көлемі 20 % өсіп, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артқанын атап өтті.
Брифинг соңында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің әлеуметтік, мәдени, коммуналдық қызмет пен аудан қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарына жауап берді.