
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысы, аула аумақтарын абаттандыру, көшені жарықтандыру, аудан қауіпсіздігі, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш мұқият қаралып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы апта сайын сейсенбі күндері өткізіледі.
📞 Жазылу нөмірі: 338-45-96