
Бүгін ауданымызда көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгілерімен марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы №1187 Жарлығына сәйкес ұйымдастырылып, марапаттар мемлекет басшысының атынан табысталды.
Ана – ұлттың тірегі, отбасының жүрегі. Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіру – үлкен жауапкершілік пен өлшеусіз еңбекті талап етеді. Осы орайда, көпбалалы аналардың қоғамдағы рөлі ерекше.
Қазіргі таңда ауданымызда 4,6 мың көпбалалы отбасы бар. Олардың ішінде 213 ана «Алтын алқа», 542 ана «Күміс алқа» иегері. Бұл – біздің аудан үшін үлкен мақтаныш.
Бүгінгі салтанатты рәсімде 4 ана «Алтын алқа», 15 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы аналарды марапаттап, елеулі еңбектерін атап өтті.
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің төзімдеріңіз бен мейірімдеріңіз – ұлт болашағының берік іргетасы. Барша аналарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейміз!