ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 20 сәуір мен 29 мамыр аралығында Әуезов ауданы әкімінің аппараты қызметінде (Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қоғамдық даму бөлімі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылғы 06–17 сәуір аралығында ақпаратты mqbauezov@gmail.com электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: 8 708 744 9159, 8 701 783 9348, 8 (727) 338 46 37.