Әуезов ауданында 1500 адамның қатысуымен ауқымды жалпыаудандық сенбілік өтті

Әуезов ауданында 1500 адамның қатысуымен ауқымды жалпыаудандық сенбілік өтті

Тазалық шарасына тұрғындар, волонтерлер, коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау мен білім саласының қызметкерлері, студенттер, комьюнити-орталықтары, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері белсенді түрде қатысты.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімі орынбасары Абдрахим Нұрлан Ерғалиұлы қатысып, көшеттер отырғызды. Сенбілік барысында барлығы шамамен 70 көшет отырғызылды.

Негізгі жиын орындары:
- Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Шымболатов көшесі бойында);
- Мырзағалиев көшесі (Таугүл-3 шағынауданында);
- Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (Тоқтабаевтан Жандосов көшесіне дейін). Мұнда «Таза Қазақстан» науқаны аясында «Мөлдір бұлақ» экоакциясы ұйымдастырылды. Өзен жағасы жаңартылып, жаңа көрікке ие болды.

Нәтижелерге қысқаша шолу: ауданда жалпы көлемі 250 текше метр қоқыс жиналды. Көшелерде 40 бірлік арнайы техника жұмыс істеді.

Бірлескен еңбектің арқасында ауданымыз көркейіп, таза әрі жайлы қала ортасы қалыптасуда. Таза аудан – таза Қазақстан!