Әуезов ауданы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

Әуезов ауданы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

2026 жылы Әуезов ауданы әкімінің аппараты келесі бағыттар бойынша жасыл желектерді отырғызу жұмыстарын жоспарлап отыр:

  • Қоршаған орта және экология басқармасының өтемдік ағаш отырғызуы барысында — Саин көшесі және Абай даңғылы бойына 150 ірі көлемді ағаш отырғызу;
  • Аудан аумағын абаттандыру аясында 11 500 көпжылдық және 7 500 біржылдық гүл отырғызу;
  • «Жұбанов көшесін абаттандыру» жобасы аясында – 12 000 бұта және 500 ағаш отырғызу (монопосадканы қалыптастыру мақсатында ағаштардың жекелеген түрлерін қайта көшіріп отырғызу көзделеді);
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында – 3 000 бұта отырғызу жоспарлануда.