
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен, Әуезов ауданының прокуратурасы, Әділет департаментінің заң кеңесшілері, нотариустар және жеке сот орындаушылармен бірлесіп Ашық есік күні және бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріліп, түрлі құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер ұсынылды.
Жәрмеңке аясында жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары ұсынылып, жеке сот орындаушылар борышкерлерге жұмыспен қамтылу арқылы берешекті өтеу жолдарын түсіндірді.