Түнгі ауысым жұмысшыларына ілтипат көрсетілді

Түнгі ауысым жұмысшыларына ілтипат көрсетілді
Түнгі уақытта қала игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген қызметкерлерге қолдау көрсету мақсатында арнайы қайырымдылық акциясы өтті. Кәсіпкерлік бөлімі мен «Qulpinai» кондитерлік дүкені бірлесе отырып, жұмысшыларға ыстық шай мен балғын тәттілер таратты.
Бұл бастама — қала тазалығы мен қауіпсіздігін күзетіп, түнде де бел жазбай еңбек ететін мамандарға алғыс білдірудің және оларға қолайлы жұмыс жағдайын жасаудың нышаны. Түнгі ауысым өкілдеріне моральдық және әлеуметтік қолдау көрсету — қоғамның ортақ міндеті.
Осындай игі іске белсене атсалысып, демеушілік жасаған «Qulpinai» кондитерлік дүкеніне ерекше алғыс айтамыз.