Аудан әкімі түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмыстарын тексерді
Аудан әкімі Абзал Егембердиев түнгі уақытта жүргізіліп жатқан қар тазалау жұмыстарына жеке бақылау жүргізді. Тексерістің басты мақсаты — жұмыстың сапасын қадағалап, белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта аудан көшелерінде қармен күрес жұмыстары екінші тәулік бойы тоқтаусыз жалғасуда. Түнгі ауысымда 300-ге жуық қызметкер мен 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Әкімдік өкілдері тазалық жұмыстары қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін барынша жедел жүргізіліп жатқанын атап өтті.