2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасында республикалық референдум өткізіледі. Тиісті шешімге сәйкес, жалпыхалықтық дауыс беруге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі шығарылады.
Дауыс беруге қойылатын сұрақ:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін бірнеше тәсіл арқылы біле алады:
•1308 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы;
•Telegram желісіндегі @almaty_referendum2026_bot арқылы.
Дауыс беру күні барлық сайлау учаскелері белгіленген тәртіппен жұмыс істейді. Азаматтарға өз учаскесін алдын ала нақтылап, референдумға белсенді қатысу ұсынылады.