Аудан кәсіпорындарында тексеру жүргізілді

Аудан кәсіпорындарында тексеру жүргізілді

Аудан аумағындағы өндірістік зауыттарда жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Бақылау барысында шығарылатын өнімдердің сапасы мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды. Мамандар өндірістік процестердің белгіленген нормаларға сәйкестігін зерделеп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер берді. Құзырлы органдардың мәліметінше, тексеру шаралары алдағы уақытта да жалғасады.

Сонымен қатар ауданда орналасқан TEAHOUSE компаниясының өндірістік қызметімен танысу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын тұтынушылар кеңінен қолданып жүрген «АССАМ» және «SIMBA» шай брендтерін қаптаумен айналысады. Өндіріс барысында сапа талаптары қатаң сақталып, өнімдер заманауи технологиялар арқылы өңделеді.

Қазіргі таңда компания алдағы мерекелерге орай жаңа дизайндағы қаптамаларды әзірлеуде. Жаңартылған қаптамалар тұтынушыларға қолайлы әрі тартымды болуға бағытталған. Сонымен қатар кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, ассортиментті кеңейту бойынша да жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр.