Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ахметов Мамай Қаниұлы ауданға арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік тәртібі, жұмыс барысында өзін-өзі ұстау мәдениеті мен кәсіби адалдық мәселелері негізгі тақырып ретінде көтерілді.

Сондай-ақ, уәкіл құмар ойындарға, оның ішінде казино мен онлайн ойындарға тәуелділіктің алдын алу қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, тұрғындармен өзара қарым-қатынас кезінде мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын қатаң сақтап, сыйластық пен сыпайылықты басты қағида ретінде ұстануы маңызды екені айтылды.