Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтауы

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтауы

Құрметті әлеуметтік сала қызметкерлері!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бойындағы бар жан жылуы мен жігерін қамқорлықты қажет ететін адамдарға арнап жүрген сіздер ерекше құрметке лайықсыздар. Өйткені, сіздердің еңбегіңіздің арқасында қолдауға мұқтаж адамдарға күнделікті көмек көрсетіледі.


Өз міндеттеріңізді орындай отырып, қамқорлыққа мұқтаж барлық адамдарға мейірімділік, жан жылуын және жарқын болашаққа деген үміт сыйлайсыздар. Сіздердің кәсіби қызметіңіз жанашырлық, гуманизм, ізгілік және шыдамдылық сияқты қарапайым адами қасиеттерге негізделеді.


Сіздерге зор денсаулық, ұзақ және бақытты өмір, отбасыңыз бен жақындарыңызға амандық тілеймін! Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!