Әуезов ауданында отбасылар мен балаларға профилактикалық көмек көрсетілд

Әуезов ауданында отбасылар мен балаларға профилактикалық көмек көрсетілд

Әуезов ауданы әкімдігінің аппараты аудан прокуратурасы, жергілікті полиция қызметінің жасөспірімдер полициясы бөлімі, аудандық білім бөлімінің қамқорлық органы, Әуезов ауданы отбасы қолдау орталығы, психолог және пробация қызметі қызметкерлерімен бірлесе отырып, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларына профилактикалық рейд өткізді.

Рейдтің мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, тәуекелдегі отбасылар мен балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, кеңес беру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шара барысында:

  • Заң талаптарын сақтау мен міндеттерді орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

  • Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған әңгімелер мен пробация қызметінің бақылау ерекшеліктері түсіндірілді;

  • Стресті төмендетуге және әлеуметтік бейімделу қиындықтарын жеңуге арналған психологтың тегін консультациялары көрсетілді;

  • Сотталғандардың отбасыларының материалдық жағдайы тексеріліп, қайырымдылық және басқа да әлеуметтік көмек қажеттілігі анықталды;

  • Кәмелетке толмаған балалары арасында суицид пен буллингтің алдын алу мәселелері бойынша балалар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу ұйымдастырылды.

Арнайы назар қиын жағдайда қалған отбасыларға аударылды. Рейд барысында оларға азық-түлік пакеттері түрінде демеушілік көмек көрсетілді.

Іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі және азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыруға, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған. Мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, психологтар мен әлеуметтік қызметтердің өзара әрекеті отбасыларға кешенді және уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз етіп, балалар үшін қауіпсіз әлеуметтік кеңістікті қалыптастыру болып табылады.