Вакцинация күл ауруының алдын алудың басты жолы

Вакцинация  күл ауруының алдын алудың басты жолы

Күл – ауа-тамшылы жолмен жұғатын, жіті респираторлық инфекция. Ауру айқын интоксикациямен және мұрын-жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, мұрында дамитын қабыну процесімен сипатталады. Көп жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: круп, миокардит, жүйке жүйесінің бұзылуы, бүйрек зақымдануы және инфекциялық-токсикалық шок.

Инкубациялық кезеңі 2–10 күнді құрайды, көбінесе белгілері 2–7 күнде байқалады. Инфекция көзі – аурудың типтік және атиптік түрімен ауырғандар, сондай-ақ токсин түзетін Corynebacterium diphtheriae штамын тарататын бактерия тасымалдаушылар.

Күлдің алдын алудың негізгі шарасы – Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация жүргізу. Вакцина құрамына дифтериялық анатоксин кіреді, ол сіреспеге қарсы анатоксинмен бірге (АДС, АДС-м) немесе кешенді вакцина түрінде егіледі.

Медициналық ұйымдарда күлге күдікті немесе науқастарды анықтау, диагноз қою және эпидемиологиялық есеп жүргізу қатаң бақыланады. Шұғыл жағдайлар туралы хабарлама 3 сағат ішінде телефон арқылы, ал толық ақпарат 12 сағат ішінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметке жолданады.