Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты мен Республикалық қан орталығы бірлесе отырып, «Донор күні» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының, мемлекеттік кірістер басқармасының, медициналық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ қан тапсырудың маңызын түсініп, оны қажет ететін жандарға көмек қолын созуға дайын аудан тұрғындары қатысты.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – онкогематологиялық дертке шалдыққан балаларға қолдау көрсету, олардың өмірін сақтап, саулығын қалпына келтіруге және бақытты балалық шақтың қуанышын сезінуге мүмкіндік беру. Бұл игі шара – балалардың көзіндегі үміт пен күлкі шуағын қайта жандыруға бағытталған мейірімді бастама.
Барша қатысушыларға жақсылыққа жаны жақын ниеті мен ізгілігі үшін алғыс білдіреміз!