
Әуезов ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай игі шара ұйымдастырылды. Бұл күн қоғамның барлық саласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға, олардың әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге белсене араласуына бағытталған.
Мемлекет тарапынан ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, медициналық-әлеуметтік қолдауды күшейтуге және жеке оңалту бағдарламалары шеңберінде қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінуде.
Осы мақсатта Әуезов ауданының мүгедектер қоғамы мереке қарсаңында ерекше жандарға арналған тауға серуен мен спорттық жарыстар өткізді. Іс-шара достық пен өзара қолдау рухында өтті. Жарыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталды.
Бүгінгі таңда Әуезов ауданында 6332 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Осы айтулы күнмен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт және амандық тілейміз!