Әуезов ауданында 12-шағын аудан аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Жоба 2025 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында мердігерлік ұйымның көмегімен жүзеге асырылды.
Жаңартуды қажет еткен аумақ бүгінде тұрғындар үшін демалуға, балалардың ойнауына және спортпен айналысуға арналған заманауи ортаға айналды.
Абаттандыру барысында жаяу жүргіншілер жолдары мен аулалық аумақтың жол жабындысы жаңартылып, заманауи жарық шамдары мен бағандар орнатылды. Сондай-ақ жаңадан балалар ойын алаңдары, воркаут аймағы, тұрғындар демалуға арналған шатырлы кешен пайда болды. Одан бөлек, бірнеше орындықтар, қоқыс жәшіктері, сәндік элементтер мен бейнебақылау камералары қойылып, жасыл желек отырғызылды.
Қазіргі таңда заманауи аумақ тұрғындардың отбасымен уақыт өткізетін сүйікті демалыс орнына айналып отыр.