2024 жылғы 23 желтоқсандағы №739 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Әуезов ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.
Аудан әкімі Абзал Егембердиев алты анаға мемлекеттік наградаларды табыстап, олардың бала тәрбиесіндегі еңбегін және қоғам өміріне белсенді қатысын атап өтті. Марапат иелерінің қатарында декреттік демалыстағы аналармен бірге еңбек жолында жетістікке жетіп жүрген әйелдер де бар.
Бүгінде Әуезов ауданында 4 500-ден астам көпбалалы ана тұрады. Олардың ішінде 217 ана «Алтын алқа», ал 504 ана «Күміс алқа» иегері атанған.