Аудан әкімі күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын қарады

Аудан әкімі күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын қарады

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев Сайран шағын ауданында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының және Өтеген батыр көшесін абаттандыру барысымен танысты.

Бақылау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және бекітілген мерзімдердің сақталуына назар аударылды.

Жобаны аяқтау биылғы жылдың қараша айына жоспарланған.