Әуезов ауданында мүгедектігі бар адамдар күніне орай, «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының аясында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтті.
Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, олардың шығармашылығын насихаттау, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру.
Концертке эстрада жұлдыздары Айжан Нұрмағамбетова мен Шыңғыз Құралбай, сондай-ақ ерекше өнер иелері – Акерке Сүлеймен, Самат Жаңғазин, Ақбота Қоқанбаева, Серік Айсұлтан, Омарбек Абдуали және Ермек Балнұр қатысты.
Кеш барысында әрбір өнер көрсетілімінен өмірге деген сүйіспеншілік пен шабыт сезілді. Қонақтарға алғыс ретінде естелік сыйлықтар табысталды.
Бұл кеш – жүректерге жылу сыйлаған, мейірім мен бірлікті ұлықтаған шынайы мерекеге айналды.