Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4000-нан астам адам қатысқан сенбілік өтті

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4000-нан астам адам қатысқан сенбілік өтті

 Әуезов ауданында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4000-нан астам адамның қатысуымен кең ауқымды сенбілік өтті.

📍Экологиялық шара ауданның 20 аумағында ұйымдастырылды. Негізгі мекенжайлар төмендегідей:

1️⃣ Алтынсарин даңғылы — Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынан Шаляпин көшесіне дейінгі аралық;
2️⃣ 1-шағынаудан, 20-үй — Жұбанов көшесі жағынан спорт мектебіне дейінгі жол бөлігі;
3️⃣ Абай даңғылының оңтүстік жағы — Қарғалы өзенінен Яссауи көшесіне дейін.

Акцияға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, коммуналдық қызметтер, білім беру ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер, белсенді жастар, еріктілер, ардагерлер мен аға буын өкілдері, сондай-ақ қала тазалығына бейжай қарамайтын белсенді тұрғындар қатысты.
Жалпы 80 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

🔹Сенбілік барысында келесі іс-шаралар атқарылды:
* арықтар мен жасыл аймақтарды жапырақ пен қоқыстан тазарту;
* орындықтар, қоқыс жәшіктері мен қоршауларды бояу;
* шөп шабу;
* жасыл аймақтардағы тас пен бетон қалдықтарын жинау;
* аумақтарды абаттандыру және 50 ясен ағашын отырғызу;
* қалдықтарды жинау және шығару.

Акция қорытындысы бойынша аудан аумағынан 650 м³ қоқыс шығарылды.

♻️ Таза қала — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!