«Халықтың саяси мәдениетін арттыру» атты семинар өтті

«Халықтың саяси мәдениетін арттыру» атты семинар өтті

Әуезов ауданы әкімінің аппараты «Social Project Management» орталығымен, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.С. Ибраевамен, Д. Қонаев атындағы заң колледжінің директоры, «Халықаралық медиация орталығы» ҚБ кәсіби медиаторы Р.Ч. Булекбаевамен бірлесе отырып, аудан полиция қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Семинардың лекторы ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспан сөз сөйледі.

Аталған семинар Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобасы аясында өткізіліп, халықтың саяси мәдениетін дамытуға бағытталды. Семинар барысында ҚР Қылмыстық кодексіндегі өзгерістер, құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілдерінің іс-қимылдары бойынша түсіндірмелер берілді. Өзекті сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

Білім беру ұйымдарында және аудан тұрғындары арасында осындай семинарларды өткізу туралы шешім қабылданды.