Қала күніне орай өтетін «I love Almaty» атты аудандық мерекелік концертіне шақырамыз!

Қала күніне орай өтетін «I love Almaty» атты аудандық мерекелік концертіне шақырамыз!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтетін
«I love Almaty» атты аудандық мерекелік концертке шын жүректен шақырамыз!

📅 Күні: 2025 жылғы 19 қыркүйек
🕒 Басталу уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: Family Park отбасылық саябағы және Сарыарқа сквері

🎤 Концерттік бағдарламада:
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты — «МАЖОР» тобы, DY1 тобы, «Black Stars» би ұжымы, «SUNRISE» би ұжымы

Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары — Диана Шарапова, Әбіләкім Әділет, Aibek, Байтанат

Көрермендермен интерактивті ойындар, ойыншыларға естелік сыйлықтар қарастырылған

🏅 «Алтын сақа» спорттық ойындары:
7-15 жас аралығындағы балалар мен оқушылар қатысады.
Ұйымдастырылатын ұлттық ойындар:

Гір көтеру

Тоғызқұмалақ

Арқан тарту

Асық ату

Тұмақ ұру

🍏 Қосымша іс-шаралар:

«Тәтті Алма» – қолдан жасалған бұйымдар байқауы

«Alma Day» – тұрғындарға алма тарататын акция

«Алматының алмасы-ай» – жәрмеңке

«Дәмді алма» – алма қосылған тәттілер көрмесі

«Алматы – сүйікті қала» – сурет көрмесі

«Алматы — моя любовь» – арт-зона

Фотозона – тілек жазуға арналған баннер (үлкен алма бейнесі)

📸 Көңілді атмосфера мен жарқын әсерлерге толы мереке сізді күтеді!