Алматы қаласының Әуезов ауданында «Жас сайлаушылар клубы» құрылды

Алматы қаласының Әуезов ауданында «Жас сайлаушылар клубы» құрылды

2025 жылғы 29 тамыздағы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының №20/1 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2025 жылғы 12 қыркүйекте Әуезов ауданында «Жас сайлаушылар клубын» құру бойынша салтанатты жиналыс өтті.

Жиынды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнара Иманқұлова ашты.
Жиынға 33 мектептің Президенттері, аудандық білім бөлімінің маманы Алтынай Нұрғайып, Әуезов ауданы әкімінің аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Айгерім Исалиева, сондай-ақ Әуезов ауданының комьюнити орталығының жетекшісі Бауыржан Маханбет қатысты.

Клубтың басты мақсаты – жастардың электоралды және құқықтық мәдениетін арттыру, Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігін күшейту, сондай-ақ жастардың сайлау процесінің негізгі мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болып табылады.