Сұлулық салондары мен шаштараздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Сұлулық салондары мен шаштараздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Косметикалық және шаштараз қызметтерін көрсету кезінде санитариялық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау – клиенттер мен мамандардың денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Қазақстанда сұлулық индустриясы нысандарының жұмысын реттейтін санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленген.

Орналасуы және жоспарлануы

  • Салондар тұрғын үйлерде тек жеке кіреберісі болған жағдайда ғана орналастырылады.
  • Жертөле үй-жайларын тек қосалқы және шаруашылық қажеттіліктерге пайдалануға рұқсат етіледі.
  • Жоспарлау және архитектуралық шешімдер көрсетілетін қызметтердің тізбесіне және нысанның қуаттылығына байланысты айқындалады.

Маникюр, педикюр, шаштараз және косметикалық қызметтерді орындау алдында маман міндетті:

          - клиенттің қарсы көрсетілімдері мен жеке ерекшеліктерін ескеру;

          - терінің қолданылатын материалдарға сезімталдығын тексеру;

          - процедура технологиясын, қолданылатын құралдардың құрамын, концентрациясын және әсер ету уақытын қатаң сақтау.

Аспаптарды өңдеу

Тері қабатын немесе шырышты қабықтарды зақымдауы мүмкін құралдар міндетті түрде:

          1.дезинфекциядан;

          2.алдын ала тазартудан;

          3.стерилизациядан өткізіледі.

Аспаптарды өңдеу арнайы жабдықтар мен нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Дезинфекциялық режимді сақтау мен күнделікті бақылау салон әкімшілігінің жауапкершілігінде. Персоналды медициналық бақылау.

Тері тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін қызмет түрлерін орындайтын қызметкерлер:

          - жұмысқа орналасқанда;

          - әрі қарай жыл сайын

В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне тексеруден өтеді.

Мастер мен клиенттің қорғалуы

          - Қанмен байланысу қаупі бар барлық манипуляциялар резеңке қолғаппен жүргізіледі.

          - Қызметкердің микрожарақаттары, тері аурулары болған жағдайда қорғаныш құралдары (лейкопластырь, саусаққап) міндетті түрде қолданылады.

          - қолдар немесе қолғаптар қанмен ластанған жағдайда:

          - ағынды сумен сабынмен жуылады;

          - дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.

          - пайдаланылған қолғаптар жойылады.

Қызметкерлердің жеке гигиенасы, персонал жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға және клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Санитариялық талаптарды сақтау – бұл тек заңнаманың талабы ғана емес, сонымен қатар клиенттердің салонға деген сенімін арттыратын негізгі фактор. Тазалық, стерильділік және кәсіби көзқарас әрбір процедураның қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.