«Ару қала, әсем қала – Алматы» атты әдеби-сазды кеш өтті

«Ару қала, әсем қала – Алматы» атты әдеби-сазды кеш өтті

Қала күнінің қарсаңында аудандағы №121 мектепте «Ару қала, әсем қала – Алматы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Мерекелік шара «Күй күмбірі» ансамблінің Ақтайдың «Алаш аманаты» күйін орындауымен басталды. Кітапхана жетекшісі Мұхаммедова Мақпал «Мың жылдық тарихы бар мың бояулы қала» атты кітап көрмесін таныстырып, құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға белгілі тұлғалар – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА академигі Әбдезұлы Қансейіт, жазушы, журналист, академик, Қазақстанның құрметті жазушысы Тоқашбаев Марат Бәйділдаұлы, ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан, заңгер, әскери және қоғам қайраткері, доғарыстағы полковник Әбдібеков Мұхамбетжан, сондай-ақ Алматы заң колледжінің студенттері мен аудан мектептерінің оқушылары қатысты.

Бағдарлама барысында түрлі өнер ұжымдары мен жас дарындар өнер көрсетті. «Күләш Байсейтова атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының» оқушылары Есенбай Ажар мен Төребай Жанель скрипкада «Балбырауын» мен «Метус Романс» шығармаларын орындады. №97 мектептің «Эделвейс» би тобы «Ақсұңқар» биін билесе, №175 «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясының «Өркен» ансамблі «Күй тартыс» өнерін ұсынды. №133 мектеп оқушылары Қарнақбай Маржан мен Тыныштық Айзере Алматы туралы өлеңдер оқыды. «Кең дала» ансамблі «Отан» әнін, Асен Айерке «Алматым – оңтүстік Астанам!» әнін орындады. Сондай-ақ №139 мектеп-гимназиясының оқушысы Карл Әлиби «Мен қазақпын» әнін, «Армандастар» вокалды тобының әншісі Тоқабаева Светлана «Алматының алмасы» әнін тарту етті.