«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті
Әуезов ауданында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті экоакция ұйымдастырылды.
 
Іс-шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, коммуналдық және медициналық мекемелер, білім беру ұйымдары, кәсіпкерлер, студенттер мен еріктілер қатысты.
Жалпы 1300-ден астам адам қатысып, 13 арнайы техника жұмылдырылды.
 
Экоакция барысында:
 
•ағаштардың бұтақтары кесіліп, арам шөптер жойылды;
•тротуарлар мен қоғамдық аумақтар тазартылды;
•жасыл аймақтар абаттандырылды;
•240 м³ астам қоқыс шығарылды;
•кіші сәулет нысандары сырланып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
 
Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!