Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

26 маусымында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін «2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілету тұжырымдамасын» іске асыру бойынша акция өтеді.

Акцияның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін құқықтық көмек көрсету.

Құқықтық кеңесті Алматы қаласы прокуратурасының мен полиция департаментінің, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Әділет департаментінің және Қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері көрсетеді.

Өтетін орны: Family Park (Мекенжайы: Абай көшесі, 10а)

Анықтама және онлайн тіркеу үшін байланыс телефоны (WhatsApp): +7 (701) 964 35 36