Отбасыны қолдау орталығында Ашық есік күні өтті

Отбасыны қолдау орталығында Ашық есік күні өтті

Әуезов ауданы әкімінің аппараты «Kumis Khasyr» қоғамдық қорымен, Алматы қаласының Әділет департаментімен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер басқармаларымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2025 жылғы 28 мамырда «Отбасыны қолдау орталығында» аудан тұрғындарына (көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, зейнеткерлер және т.б.) ашық есік күнін өткізді.

          Аталған іс-шараның мақсаты — тегін заң кеңесін беру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, Отбасыны қолдау орталығының қызметімен таныстыру, әлеуметтік қызметтерді ұсыну тәртібі мен түрлері, әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру.

          Кездесу барысында медиациялық келісімдер, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй алу, алимент өндіру, денсаулық сақтау мен білім беру, қайтарымсыз гранттар және т.б. мәселелер қарастырылды.