Лого
Меню
Страницы

Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді

Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді

Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар мен балалар!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Әуезов ауданында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік аудандық концерттік іс-шара өтеді.
Өтетін күні: 1 маусым 2026 жыл
Уақыты: 10:00 – 14:00
Өтетін орны: «Family Park» демалыс саябағы (Ұлықбек көшесі, 57А)

Бағдарламаға сәйкес:

10:00 – «Family Park» кіреберісінде (Абай–Сарыарқа метро жағы) ертегі кейіпкерлері мен бойшаң қуыршақтар қатысуымен флешмоб
10:30 – ертегі кейіпкерлерінің мерекелік шеруі
11.00 - балалар мен жасөспірімдерге арналған Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының «Алақай! Демалыс! Театр!» атты театрландырылған қойылымы
11:40 – аудандық мерекелік концерт (шығармашылық ұжымдардың қатысуымен)
12.00 – Сарыарқа скверінде шеберлік сағаттары мен спорттық ойындар

Іс-шара аясында театрландырылған қойылымдар, аниматорлар, флешмобтар, сурет байқаулары, қыш өнері бойынша шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар және балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Сіздерді балаларға арналған жарқын мерекеге қатысуға шақырамыз!

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты