Мерейлі отбасы-2025"

Мерейлі отбасы-2025"

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті қала тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2025 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Назерке – 8 705 905 49 36
Алия – 8 776 834 14 21
(Алмалы ауданы бойынша жауапты мамандар)

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 14 маусым.

Қатысу үшін өтінімдер қағаз немесе электрондық түрде қабылданады.


#Otbasym2025
#МерейліОтбасы2025