Аудан әкімінің халықпен кездесуі 20 мамырда өтеді

Аудан әкімінің халықпен кездесуі 20 мамырда  өтеді

Құрметті аудан тұрғындары!

2025 жылы 20 мамырда сағат 9:00 – 11:00-ге дейін Алматы қаласы, Жароков көшесі, 18 мекенжайдағы «М. Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектеп»  КММ - де Алмалы ауданы әкімі А.Н. Шамшиннің  халықпен кездесуі өткізіледі.

Жиынға қалалық Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, прокуратура қызметкерлері және қалалық басқарма өкілдері қатысады.

Тұрғындардың өзекті толғандырған мәселелері бойынша ұсыныстарын жинау әлеуметтік желілер Instagram – akimat_almaly, Facebook – akimatalmaly, Telegram – almalyaudany, Алмалы ауданы әкімі аппаратының WEB сайты арқылы және 313-31-08, 313-31-12 телефондары арқылы жүргізіледі.