Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ғ.Мүсірепов атындағы ҚМАБжЖТ алдындағы алаңда мерекелік концерт өтті. Соғыс жылдарындағы әндерді алмалылықтар үшін ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанна Орынбасарова мен Мәдина Сәдуақасова, Абай атындағы ҚазҰОБТ солистері Төлеген Рахымбаев, Игорь Благодарный және басқа да өнерпаздар орындады.
Іс-шараға тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Алаңда далалық асхана жұмыс істеді. Сонымен қатар, біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған балалар суреттерінің шағын көрмесін ұйымдастырдық.
#Алматы #ДеньПобеды #ЖеңісКүні #9Мая #80летПобеды