Жеңістің 80 жылдығына арналған экошара

Жеңістің 80 жылдығына арналған экошара

Алмалы ауданы тұрғындары, жеңістің 80 жылдығана арналған ауқымды экошараға қатысты.
Шараға студенттер, ауданның комьюнити орталығының өкілдері, «Жасыл ел» жасақтары, шоу-бизнес өкілдері, қалалық Мәслихат депутаттары, сондай-ақ әріптестеріміз және ауданның белсенді тұрғындары қатысты.
Алмалы ауданында бұл шара Амангелді көшесінен (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін) бастау алды. Экошараның басталғанын Қазақстан Республикасының халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Секен Тұрысбеков жариялады.
Айрықша оқиға ретінде Амангелді көшесіндегі аллеяда алма ағаштарының отырғызылу рәсімін атап өтсе болады. Аллеяға 20-дан астам ағашты Алматы қалалық Мәслихатының депутаттары, қалалық басқарма және әкімшілік қызметкерлері, өнер қайраткерлері мен спортшылар отырғызды.
Амангелді көшесімен қатар Төле би көшесінде де тазалық жұмыстары жүргізілді. «Солтүстік» скверін Қазақстан Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері тазалады.
Коммуналдық қызмет өкілдері және еліміздің ҰҚК қызметкерлері «Биокомбинат» сквері мен Қарасу өзенінің бойын ретке келтірді.
«Жұлдыз», «Тастақ» базарларының, «Саламат» және «Арена» сауда үйлерінің жұмысшылары да шараны қолдап, өз аумақтарын ретке келтірді.
Сондай-ақ, Розыбакиев көшесі мен Абай даңғылы бойындағы кәсіпкерлерлік ұйымдар да бұл бастаманы қолдады.
Акцияға қатысушылар мен ауданның коммуналдық қызметкерлері - ауданымыздағы жаяу жүргінші жолдарын тазалап, қоршауларды бояды, ағаштың артық бұталарын қысқартты және де жасыл аймақтарды қалпына келтірді
Бүгінгі ауқымды экошараға 35 техника жұмылдырылып, 550 м³-ден астам қоқыс шығарылды. Тек Амангелді көшесі мен Төле би көшесінің бойында өткен экошараға 500-ден астам адам қатысты.
Іс-шараға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз! Қаламызды бірлесе таза әрі жайлы етейік!

#ТазаҚазақстан #АлматыНашОбщийДом #Субботник #80летПобеды