Алмалы ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шара Әди Шәріповтің ескерткіші жанында ұйымдастырылды.
Іс-шараға біздің Алмалы ауданы әкімшілігінен әріптестер, Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы — Қабылов Батай Маманұлы, Әди Шәріповтің жұбайы — Мыңжасарова Клара Жәгіпарқызы, ҰОС ардагері — Сыдықбеков Оңғарбек, Ә. Шәріпов атындағы №16 мектептің оқушылары, Алмалы ауданының «Бақытты отбасы» орталығының тәрбиеленушілері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Гүл шоқтары қойылғаннан кейін қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Құттықтау сөздерде біз және сөз сөйлегендердің барлығы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерінің маңыздылығын, сондай-ақ олардың ұлы жеңістері мен жетістіктерін ұмытпай, жадымызда мәңгі сақтау қажеттігін атап өттік.
#80летПобеды