Отбасын қолдау орталығында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары көпбалалы аналармен кездесті

Отбасын қолдау орталығында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары көпбалалы аналармен кездесті

Кездесу барысында аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуы, кәсіпкер әйелдерге арналған гранттар мен жеңіл несиелер туралы мәселелер көтерілді.
Мұндай кездесулер – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, бірлесіп шешудің тиімді жолы.
Кездесулерге Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері белсенді қатысады.
Келесі кездесу мамыр айында өтеді.
Қатысу үшін +7 707 779 07 08 нөміріне хабарласыңыз.