9 мамыр – Жеңіс күніне орай біз Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті ақсақал Сеитов Зұлхарнай Сеитұлы ардагердің үйіне арнайы барып, мерекемен шын жүректен құттықтап қайттық.
Ардагер атамызды құттықтап қана қоймай, үй ішін тазалап, тұрмыстық көмегімізді де көрсеттік. Үйін реттеп, терезесін сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргіздік. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе әрі азаматтық борышымыз деп білеміз.
Атамыз бізді қуана қарсы алып, соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Оның ерлігі мен өмір жолы – біз үшін үлгі. Осындай ардагерлеріміздің арқасында бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек.
Жеңіс күні – ұрпақтар арасындағы байланыстың, құрмет пен алғыстың мерекесі. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің қасиетті міндетіміз.
#Жеңіскүні #деньпобеды