Алматылықтарды атақты адамдар мен спортшылар қатысатын «Almaty Clean&Green» сенбілігі күтеді

Алматылықтарды атақты адамдар мен спортшылар қатысатын «Almaty Clean&Green» сенбілігі күтеді

2025 жылы 23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – ортақ үйіміз» науқаны аясында «Almaty Clean&Green» қаланы тазарту бойынша ауқымды жалпықалалық акция өтеді. Бұл іс-шара Наурызнама мерекесі аясында атап өтілетін Тазару күніне орайластырылған.
Акция бүкіл қала аумағында ұйымдастырылып, қоғамдық кеңістіктерді, демалыс аймақтарын, саябақтар мен скверлерді, сондай-ақ аулаларды қамтиды. Негізгі іс-шараның бірі – қала тұрғындарының қатысуымен өтетін ағаш отырғызу науқаны болады.
Алматы әкімдігі акция қатысушыларына көшет, қолғап, қап, күрек, тырма сынды тазалау және отырғызу құралдарын ұсынып, қажетті қолдау көрсетеді. Жиналған барлық қоқыс қайта өңдеу үшін полигонға шығарылады.
Акция 23 наурыз сағат 09:00-де басталып, қаланың бірнеше орнында өтеді:


Алмалы ауданы – Дүйсенов көшесі (Розыбакиевтен батыс бағытта)


Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Абай-Байтұрсынов даңғылынан сенбілік өтетін негізгі орындарға дейін арнайы автобус қатынайды.
Акция аясында шағын концерт, экология және стрит-арт бойынша шеберлік дәрістері, экологиялық тақырыптағы викториналар мен жүлделі байқаулар сынды түрлі танымдық және қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Арқан тартыс пен тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар да өтеді.
Сондай-ақ, сенбілікке қатысушылар қауіпсіздік техникасы мен ағаш отырғызу ережесі бойынша қысқаша нұсқаулық алады.