18 наурыз күні, Алматы қаласы әкімінің мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі кеңсесінің ұйымдастыруымен инклюзия бойынша воркшоп өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қолжетімді орта құру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсарту, сондай-ақ жұмыс процесіне инклюзивті тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылады. Ерекше назар қызметкерлердің инклюзия туралы хабардарлығын арттыруға және неғұрлым ашық әрі қолдаушы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға аударылды.