Алмалы ауданының әкімдігі "демалыс күні" жәрмеңкесіне қатысушыларға заңнама нормаларын түсіндірді

Алмалы ауданының әкімдігі "демалыс күні" жәрмеңкесіне қатысушыларға заңнама нормаларын түсіндірді

Алмалы ауданы аумағында “Алматы” ӘКК” АҚ апта сайынғы демалыс күні жәрмеңкесі шеңберінде, оған қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ақпараттандыру және түсіндіру жөніндегі іс-шара өтті.
Демалыс күндеріндегі жәрмеңке — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті тауар өндірушілер мен фермерлер ұсынған және ауыл шаруашылығы өнімінен жоғары емес бағамен сату жөніндегі апта сайынғы уақытша сауда алаңдары.
Алматы қаласының құқық қорғау, ветеринарлық органдарының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және салық салу қызметтерінің өкілдері жәрмеңкеде кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін атап өтті, сатушылар мен сатып алушылардың мінез-құлық ережелерін естеріне салып, қырағылыққа шақырып, азаматтардан кез келген күдікті жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлауды сұрады.
Ветеринарлық қызмет мамандары кәсіпкерлерге мал өнімдеріне қажетті ветеринарлық-санитарлық талаптарды жеткізді, ветеринарлық ілеспе құжаттарды ресімдеу, өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын сақтау мәселелерін түсіндірді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері сауда орындарын ұстауға, тамақ өнімдерін сатуға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, сондай-ақ жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардар етілді.
Салық органдарының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерге салық салу, салық салудың оңайлатылған жүйесі, бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі мәселелері бойынша кеңестер өткізді, сондай-ақ тіркеу және бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар заңнаманың әртүрлі аспектілеріне қатысты сұрақтарға жауап ала алды.
Іс-шара барысында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Ыдырысов заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қонақтары үшін өнім сапасын арттыру үшін осындай сапарлардың маңыздылығын атап өтті.

#продбезопасностьспк #АлмалинскийРайон #ЯрмаркаВыходногоДня #Законность #качествопродукции